Динара Сәтжан шапанға қатысты сынға жауап берді

19 Ақпан, 11:07 1183

Танымал қазақстандық жүргізуші Динара Сәтжан шетелдік қонақтарға тарту ететін сыйлықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, қонақжайлылық танытқан кәсіпкер оқырман тарапынан сынға жиі ұшырайды екен.

Сәтжан қонақжайлылық қазақстандықтардың басты ерекшелігі екенін атап өтті.

Кімге және қашан шапан жасайтынымды өзім шешкенім дұрыс шығар?! Қонақжайлылық біздің ДНҚ-да бар. Сонан соң мен киім өндірушімін. Эйконға шапан жапқанымда маған көпшілік «неліктен?» деп сұрады. Ал ол концерт бойы сол шапанмен ән айтып шықты. Кеше Вера Брежневаға шапан сыйлап едім, тағы хейтке қалдым, - деп жазды Динара Сәтжан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: