Динара Сәтжан Баян Алагөзовамен достығы туралы айтты

7 Қараша, 03:34 391

Қазақстандық танымал журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан жаңа жылдық мерекеге арналған кезекті шоулардың бірін продюсер Баян Алагөзовамен бірге жүргізетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сәтжан 6 қараша күні өзінің Instagram-дағы парақшасында бағдарлама түсірілімінен үзінді жариялады.

Баян Алагөзовамен достығымызға 21 жыл болды. Тура Айарудың жасындай (Баян Алагөзованың қызы). Маған біздің достығымыздағы әзіл ұнайды. Өзекті, өміршең. Бір-бірімізді дәл ұғынатынымыз секілді. Кейде сөздің де қажеті жоқ. Бір-бірімізге деген құрметіміз шексіз, – деп жазды ол.

Ал оқырман қауым екеуінің достығына қуанған.

«Сіздердің достығыңызды тамашалаудың өзі керемет!», «Жарайсыңдар, қыздар!», «Екеуі де керемет», - деп жазды көпшілік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Зарина Арман
Бөлісу: