Димаштың Венгриядағы концертіне 60-тан аса елден көрермен жиналады

11 Қаңтар, 13:22 2002

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 2024 жылы Еуропада тур ұйымдастырады. Алғашқы концертін Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өткізеді, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

4 мамырда өтетін концертке қазірдің өзінде 60 елден қонақтар келетіні мәлім болды.

Венгрияның астанасы Будапешт қаласында 04.05.24 күні жоспарланған Димаштың "Stranger" атты  концертіне ұйымдастырушылардың берген мәліметіне сейкес осы кезге дейін Аргентина, Австралия, Австрия, Бельгия, Босния, Болгария, Канада, Колумбия, Хорватия, Кипр, Чехия, Дания, Сальвадор, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Германия, Грекия, Қытай, Венгрия, Чили, Индонезия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Люксембург, Македония, Малайзия, Мексика, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Перу, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Испания, Швеция, Щвейцария, Тунис,  Түркия, Украина, Ұлыбритания, Уругвай, АҚШ, Белорусь елдерінің 361 қаласынан билеттер алыныпты, - деп жазды әншінің әкесі Қанат Айтбаев.

Айта кетейік, концерт 2024 жылдың 4 мамырында «Ласло Паппа» атындағы спорт аренасында өтеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: