Димаштың орындауына көңілі толмады. Әншінің өзі пікір білдірді

13 Сәуір 2023, 12:00 1258

Димаш Құдайберген өзінің орындауына аса көңілі толмаған кішкентай қыздың суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Әлеуметтік желіде Димаш жеке концерттерінің бірінде түсірілген суретпен бөлісті. Онда мыңдаған жанкүйер әншінің орындауына тамсанып, қосылып ән айтып тұрған сәт бейнеленген.

Сол жанкүйерлердің арасында екі қолымен құлағын жауып отырған кішкентай бүлдіршін суретке түсіп қалыпты. Бұл кадр мессенджерлерде тарап, Димаштың назарынан да тыс қалған жоқ.

Әлеуметтік желіде осы суретпен бөліскен Димаш: «Менің әнім барлығына бірдей арналмаған», – деп әзіл жазба қалдырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Кадрларға қарағанда, концерт Қытайда өткен. Посттың астына бірнеше сағатта мыңнан астам пікір жазылды. Көбісі әншінің жазбасы жақсы көңіл күй сыйлағанын айтқан.

«Бәріне Dears-тің айқайы себеп», «Мына сурет менің көңіл күйімді көтерді», «Сүйкімді қыз», «Жанкүйерлердің айқайынан бүлдіршін әншінің орындауынан ләззат ала алмаған ғой», «Ол өз құлағына өзі сене алар емес», – деп жазды жанкүйерлер.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: