14.05.2023
01:36
1482
Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Малайзияда өтетін болды

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Малайзияда өтетін болды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы әлемді шарлап жүр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Dimashnews.com.сайтына сілтеме жасап.

Әншінің келесі жеке концерті 24 маусымда Куала-Лумпурде өтеді. Шоу әйгілі Axiata Arena Bukit Jalil стаионында сағат 20:30-да басталады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы 6-шы мамыр күні Түркияда Antalya Expo Kongre Merkezi-де өткен болатын. Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Түркиялықтар онда Димашқа өз елінің ұлттық аспабын сыйға тартты.