Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

28 Сәуір, 23:11 620

Әлемге әйгілі әнші жаңа әнге түсірілген бейнебаянның үзіндісін Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Менің «Smoke» атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған болатынмын. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді, - деп жазды әнші.

Сондай-ақ туындының шығуына атсалысқан достарына алғысын айтты.

Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталмыш туындыны жасауға үлес қосқандары үшін ерекше алғыс айтқым келеді.
Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Стамбулда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Зарина Арман
Бөлісу: