09.08.2025
10:25
706
Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы Мехикода өтеді

Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы Мехикода өтеді

Диамаш Құдайберген 8 және 10 қазанда Мехикода концерті өтетіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Құрметті достар! Мексикадағы алғашқы жеке концерттің билеттері өте тез сатылып кетуіне байланысты жанкүйерлердің өтініштері бойынша «ДимашАли» шығармашылық орталығы Мехикодағы екінші «Stranger» шоуын жариялайды. Концерт 10 қазанда Palacio de los Deportes сарайында өтеді, - делінген ақпаратта.

Билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз сағат 11:00-де Banamex-те ашылады. Жалпы сатылым - 15 тамыз, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00.