Димаш Құдайбергеннің қарындасы ерекше ресторан ашпақ

26 Қазан 2023, 14:32 14103

Әнші Димаш Құдайберген қарындасы Раушан Құдайбергеннің бизнесіне қолдау білдірді, деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі.

Елге келгелі түрлі кездесулерге қатысып, игі жақсылармен кездесіп жатырмын. Астанаға келген кезде астанамыздың символы «Бәйтерек» монументіне соқпай кету мүмкін емес. Монументтің жанында «Daididau» ұлттық рестораны ашылғалы жатыр. Осы ресторанның Раушан қарындасым бастаған ұжымына сәттілік тілеймін!, деген Димаш.

Димаш аталмыш ресторан Астанаға келген әрбір туристің сүйікті орынына айналатынына сенімді.

Бұйырса, ресми ашылу уақыты «Daididau» ресторанының парақшасында алдын-ала айтылады, - деп мәлімдеді эстрада жұлдызы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: