27.11.2025
17:42
4175
Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келініне қандай талап қоятынын айтты

Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келініне қандай талап қоятынын айтты

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева ұлының жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп, болашақ келініне қоятын талаптары жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ол бұл туралы «Жібек жолы» телеарнасының «Бүгін.live» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Әншінің сөзіне қарағанда, ол ұлының таңдауына ешқашан араласпайды.

Әр ата-ананың арманы – баласын өз шаңырағына жеткізу. Бәлкім, ол күн де алыс емес. Қазір Димаштың кестесі өте тығыз: жыл соңына дейін жоспарланған концерттері көп, сол себепті үнемі жол үстінде жүр. Әр нәрсе маңдайға жазылғанымен болады ғой. Сол жақсы күннің келеріне сенеміз. Ешқандай талап қоймаймын: бұйырғаны – біздің келініміз. Кім болса да, құшақ жая қарсы аламыз. Қатаң тәртіп жоқ, бірақ өз әулетіміздің кейбір қағидаларын, жөн-жосығын айтып отыратынымыз рас, – деді Света Айтбаева.