09.05.2023
02:09
1635
Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің өтінішін орындады

Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің өтінішін орындады

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген армянның «Сарери овин мернем» әнін орындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл видеоны әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қазақстандық жұлдыз «Сарери овин мернем» әнін Армениядағы концерт кезінде орындады. Бұл тыңдарманға ұнағаны соншалық, олар үзіндіні әлеуметтік желіде жариялауды сұрады.

Димаш жанкүйерлердің өтінішін қанағаттандырды.