Димаш Құдайберген туған күнінде өзі жайлы жаңа туындысын жарыққа шығарады

22 Мамыр 2023, 04:05 1138

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туған күнінде өзі жайлы жаңа әні жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

Өмір - ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарма. Бұл туынды менің өмірім жайында,- деп жазды Димаш.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Жаңа бейнебаянның тұсауы 24 мамырда әншінің YouTube арнасында кесіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: