09.12.2024
16:07
840
Димаш Құдайберген тағы бір атаққа ие болды

Димаш Құдайберген тағы бір атаққа ие болды

«Халықтың сүйіктісі-2024» сыйлығының иелері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осымен 14 рет ұйымдастырылып отырған ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді.

Ал Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.