04.07.2024
22:12
1093
Димаш Құдайберген Сербияға аттанбақ

Димаш Құдайберген Сербияға аттанбақ

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген бүгін, 4 шілде күні, айтулы іс-шараға қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің Instagram-парақшасында Сербиядағы музыкалық фестивальде өнер көрсететін айтты.

Алты күннен кейін Сербиядағы EXIT Festival-де кездесеміз, – деп жазды Димаш.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Астанада ШЫҰ саммитіне арнайы келген БҰҰ бас хатшысымен кездескен болатын.