22.07.2025
23:00
2870
Димаш Құдайберген Қырғызстанның «Халық әртісі» атанды

Димаш Құдайберген Қырғызстанның «Халық әртісі» атанды

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның «Халық әртісі» атағы берілді. Бұл туралы culture.akipress.org  сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Бұл оқиға 22 шілде күні «Мейкин Азия» фестивалінің жабылу салтанатында белгілі болды.

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды. Ал марапатты мемлекеттік хатшы Марат Иманкулов табыстады.

Фото: culture.akipress.org 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген фестиваль қонақтарының алдында концерттік бағдарламасын ұсынды.