18.07.2025
10:24
3753
Димаш Құдайберген Қырғызстанда өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Қырғызстанда өнер көрсетеді

Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Қырғызстанда өтетін IV халықаралық «Мейкин Азия» фестивалінің басты қонағы болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Музыкалық шара 20–22 шілде күндері Чолпон-Ата қаласындағы ипподромда өтеді. Ал 22 шілде күні Димаш Құдайберген жеке концертімен көрермен алдына шығады.

Димаш бұл музыкалық мерекенің шарықтау шегіне айналады, – дейді ұйымдастырушылар.

«Мейкин Азия 2025» фестиваліне 25-тен астам елдің әртістері қатысады. Ауқымды шара Азия құрлығындағы ең ірі орындаушылар фестивалінің біріне айналмақ.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген жаңа түсірілім алаңынан кадрлар жариялап, көпшілікті тәнті етті.