Димаш Құдайберген қазақстандықтарға үндеу жасады

17 Қаңтар 2023, 13:03 1416

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында мәлім етті

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтарды интернет алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Интернет желісінде, Facebook-те менің атымнан ашылған түрлі парақшалар халыққа және маған зиянын тигізе бастады. Жалпы мен ешқашан ақша сұрайтын ойындар өткізген емеспін. Тыңдармандарым жақсы біледі, қателеспесем тікелей эфирдің өзіне 3-4 рет қана шыққанмын. Бірақ ол кезде алдағы шығармашылық жаңалықтарыммен ғана бөлістім. Алаяқтар соған скриншот жасап, өздерінің әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында Facebook-те жалған парақшалар ашып, халықпен тілдесіп отырған фотомды қойып қойған. Мені лотерея сияқты түрлі ойындар өткізіп жатқандай етіп көрсеткісі келген», - деді әнші.

Сондай-ақ ол мүлде ұтыс ойындарын ұйымдастырмағанын атап өтті.

«Ондайға ешқашан сенбеңіздер, мен ойындар ұйымдастырған емеспін. Оның маған қажеті де жоқ. Сол себептен алданып қалмаңыздар. Ескерту мақсатында осы видеоны түсіріп жатырмын. Ешқашан интернет арқылы ешкімге ақша жібермеңіздер», – деді Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында.

 

EL.KZ
Бөлісу: