Димаш Құдайберген қаза тапқан кеншілердің отбасына 20 миллион теңге аударды

18 Қараша 2023, 12:46 1152

Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақын-журналист Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарласып ем, растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки! Осы мақсатпен жариялап отырмын, - деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.

Айта кетейік, бұған дейін қаза тапқан кеншілердің отбасына 10 жылдық жалақы төленгені туралы жазған болатынбыз.

Асқар Таудай
Бөлісу: