Белгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосы мен видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!, - деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барған болатын.
Кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен шарада Димаш Құдайберген ән салған еді.