25.08.2023
16:15
1738
Димаш Құдайберген көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды

Димаш Құдайберген көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Weekend» деп аталатын жаңа әнін көпшілік назарына ұсынды,

Жаңа туындысының тұсаукесері туралы өнер иесі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Құрметті достар, @burakyeter екеуміз «Weekend» атты жаңа әнімізді шығарғанымызды қуана хабарлаймыз. Сіздердің қолдауларыңызға шын жүректен үміттенеміз. Ән барлық музыкалық стриминг платформаларда қолжетімді, - деп жазды Димаш.

Жаңа композицияны әнші музыкалық продюсер әрі диджей Бурак Йетермен бірігіп шығарған. Туынды ағылшын тілінде.