Димаш Құдайберген «I am a Singer» жобасында жаңа әнін таныстырды

3 Тамыз, 16:41 488

2 тамызда Қытайдың Hunan TV каналында өте өзекті және әйгілі жобалардың бірі «I am a Singer» гала-концерті өтті. Жобаның 2017 жылдан бері бірнеше мәрте қонағы болған топ мүшесі Димаш Құдайберген «Angel love» атты жаңа композициясын орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әннің музыкасы мен сөзін қазақтың белгілі композиторы Ренат Гайсин мен ақын Қалқаман Сарин жазды. Туындының аранжировкасын Ренат Гайсин дыбыс продюсері Ерлан Бекчуринмен бірлесіп жасады.

Димаш қытайлық көрермендер үшін қазақ және қытай тілінде ән шырқады. Қытай тіліндегі мәтіннің авторы – Лин Вэй Вейлим.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: