Димаш Құдайберген ерекше образымен тыңдармандарын тәнті етті

11 Қазан 2023, 10:15 1857

Атақты әнші Димаш Құдайберген АҚШ-та бейнебаян түсіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Instagram-дағы аккаунтында Лос-Анджелесте жаңа әнге арналған клип түсірілімінің бекстейджімен бөлісті. Димаш Құдайберген этно стильдегі шапан киіп, өзгеше образ жасаған.

Лос-Анджелесте жаңа әнге бейнебаян түсіріп жатырмыз. Баршаңызға сәтті күн тілеймін", - деп жазды Димаш видеоның астына.

Бейнежазбаның астына әлемнің әртүрлі тілдерінде екі мыңнан астам пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің жаңа туындысы жарыққа шығатын сәтті тағатсыздана күтетінін жазған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: