Димаш Құдайберген ел күтпеген шешім қабылдады

5 Сәуір 2023, 18:30 1502

Өткен жылдың желтоқсан айында әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Алайда ол стипендияны басқа үміткерге беруді жөн көрді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайберген «New York Film Academy» академиясында режиссер мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі керек еді. Бірақ Димаш қазақстандық журналистке берген сұхбатында ол Лос-Анджелесте оқу үшін емес, «Титаник» фильмінің аты аңызға айналған музыкасының авторы, музыкалық продюсер Вальтер Афанасьеффпен ән жазу үшін келгенін айтты.

Менің жеке концерттік қызметім бар. Дүние жүзіндегі жанкүйерлеріммен кездесіп жүрмін. Осының бәрін оқумен қалай үйлестіремін деп ұзақ ойландым. Көп адам мені Лос-Анджелесте оқиды деп ойлайды екен. Мен тұратын жерде шоу-бизнес өте қатты дамыған. Мысалы, мен Бейжіңде 4 жарым жыл тұрдым, көптеген композиторлармен жұмыс істедім, қазір АҚШ-та тұрамын, бірақ еш жерде оқымаймын.

Титаник әнін және басқа да көптеген танымал әндерді шығарған Уолтер ағайды бәріңіз білетін шығарсыз. Ол бүгінде аты аңызға айналған әндердің авторы. Сонымен, қазір біз Уолтер ағаймен жұмыс істеп, ән жазуға тырысамыз. Жақында барлықтарыңыз бұл әндерді тыңдай аласыздар деп үміттенемін. Жалпы, мен қазір тек жұмыспен, шығармашылықпен айналысамын, - деді Димаш Рашит Ілиясовқа берген сұхбатында. 

Димаш Құдайберген өзіне тиесілі «Болашақ» стипендиясын келесі жылы талантты қазақстандыққа тарту ететінін айтты.

EL.KZ
Бөлісу: