Димаш Құдайберген БҰҰ елшісі атанды

15 Ақпан, 18:40 30085

15 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын хабарлады. Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген ХКҰ-ның аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым болып табылады. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. ХБҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылғанын еске түсіре кетейік.

Әлемге әйгілі әнші: «Мен ХКҰ-ның ізгі ниетті елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық»,- деп мәлімдеме жасады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: