Бүгін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш ХКҰ Ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің мәліметінше, бас хатшы Димаштың өнері бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды тәнті етіп, оның дауысы адам құқықтарын қорғауда және жалпы сананы арттыруда қомақты үлес қосатынын атап өтті.
ХКҰ ізгі ниет елшілері бағдарламасының мақсаты - қауіпсіз, тәртіпті және тұрақты көші-қонның маңыздылығына баса назар аудара отырып, көші-қонға қатысты мәселелерді көрсету үшін танымал және құрметті мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін тарту, - делінген мәліметте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram