18.10.2022
16:15
1143
Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзияда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзияда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды El.kz.

«Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы Axiata Arena Bukit Jalil аренасында тұңғыш рет STRANGER атты жеке концертін береді!», - делінген dimash.news парақшасында.
Концерттің өтетін күні: биылғы 19 қараша, басталуы – 20:30.
Билеттерді сату Ticket2U сайтында 21 қазан күні сағат 11:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арналған La Era Dimash радиостанциясы Антарктидада хабар тарата бастағанын жазған едік.