06.05.2025
20:32
1169
Димаш Қазақстан мен Вьетнам президенттерінің алдында ән шырқады

Димаш Қазақстан мен Вьетнам президенттерінің алдында ән шырқады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Астана Опера» театрының сахнасында мәртебелі қонақтар мен елорда жұртшылығына Ханой филармония оркестрі, «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры, сондай-ақ қазақ және вьетнам халықтарының белгілі мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.