25.09.2022
01:27
2711
Димаш Құдайберген Алматыда өз жанкүйерлерімен кездесті

Димаш Құдайберген Алматыда өз жанкүйерлерімен кездесті

Алматыда танымал әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерімен кездесті. Фан-кездесу "Almaty Arenа" кешенінде өтті, деп хабарлайды El.kz.

Әншінің жанкүйерлерімен кездесуі кешкі сағат 21:00-де ұйымдастырылды. Шараның кей сәттерін Қазақстан телеарнасының Тelegram-арнасы жариялады. Фан-кездесу аясында әртіспен суретке түскен жанкүйерлерді керемет бағдарлама әсерге бөлей түскен.

Сонымен қатар, бұл кездесуге әртістің ата-әжесі де келіпті. Жанкүйерлер бір күн бұрынғы шоу-бағдарламаны жоғары бағалап, керемет деңгейде өткенін айтуда.

Кездесу аясында Димаш жанкүйерлердің ойындағы бірқатар сауалдарға да жауап берді. Оның ішінде Генадий Головкиннің жекпе-жегінде әнұранды орындау сәті де бар. Сонымен қатар, шарада әншінің арнайы дайындаған әндері орындалды.