"Дикийдің" қылмысына қылмыс жамалды

1 Қазан 2022, 07:07 6937

Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын.

Қылмыстық топтың жетекшісі Арман Жұмагелдиевке («Дикий Арман») жаңа айып тағылды, – деп хабарлайды EL.KZ журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Арман Жұмагелдиевке (Дикий) жаңа айып тағылды. Енді ол 2016 жылдан бері ҰҚК бесінші басқармасының бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовтың бақылауында болған қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінді, – деп жазды Козачков.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын.


EL.KZ
Бөлісу: