«Дикий Арманның» ісі неге ұзаққа созылып кетті

14 Маусым, 12:35 774

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі неге ұзақ тергеліп жатыр? Бұл сауалға Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Назгүл Рахметуллина «Дикий Арманға» қатысты қылмыстық іспен айналыспайтынын және бұл іс басқа инстанцияның өндірісінде жатқанын айта кетті.

Сөзінше, істің ұзаққа созылуы онда қанша қатысушы, куәгер, сарапшы, айыпталушы, аудио, бейнежазбалар, жасырын тергеу әрекеті, жедел іздестіру іс-шарасы барына байланысты болады.

Мұның бәрін ескеріп, зерделеу керек. Бұған жауап алу, адвокаттардың, прокурордың сөз сөйлеуі мен өтініштерін қосыңыз. Сондықтан сот мұның бәрін қарауға міндетті. Біз бұған шектеу қоя алмаймыз. Барлығын сот шешеді. Әрбір инстанция жағдайға байланысты мәселені қарастырып, жеке шешім қабылдайды, - деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты 7 мамырда Алматыда полиция «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алған еді. Бүгінде ол Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында қамауда отыр.

Миражан Махан
Бөлісу: