Digital Bridge аясында киберспорт турнирі өтеді

21 Қыркүйек 2022, 13:25 951

Отандық киберспорт әлемі үшін басты жаңалықтардың бірі - Digital Bridge алаңында алғаш рет ұйымдастырылатын киберспорт турнирлері болды

28-29 қыркүйекте елордада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді, деп хабарлайды El.kz.

Биылғы форумның тақырыбы – «Central Eurasia as a new tech platform» – «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда».

Форум бағдарламасына IT-стартаптар аллеясы және түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдері ұйымына мүше мемлекеттер технопарктерінің көрмесі сияқты ауқымды іс-шаралар кіреді.

Бұдан басқа, IT мектептердің көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle, VR, GameDev алаңдары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Форум аясында стартаптар үшін елдегі алғашқы ресми TikTok офлайн-алаңы құрылатын болады. Барлық өңірден венчурлік инвесторлардың қатысуы күтілуде. Көптеген панельдік сессияларда жетекші халықаралық сарапшылар IT әлемінің өзекті мәселелерін талқылайды.

Отандық киберспорт әлемі үшін басты жаңалықтардың бірі - Digital Bridge алаңында алғаш рет ұйымдастырылатын киберспорт турнирлері болды. Қазақстанның киберспорт федерациясы жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайтын екі CS:GO және FIFA 22 турнирін жариялады. Чемпионат Astana Hub, ЦДИАӨМ және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Сонымен қатар, CS:GO турниріне барлық Орта Азия республикаларының өкілдері қатыса алады.

 Іріктеу ойындарының кестесі:

15.09 – Түркіменстан

16.09 – Қырғызстан

19.09 - Тәжікстан

20.09 – Өзбекстан

21.09 — Қазақстан

23.09 — Play Off

FIFA 22 турнирі тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

17.09 — 1 біліктілік

18.09 — 2 біліктілік.

 Қазақстан Республикасы Киберспорт федерациясының атқарушы директоры Қазбек Жанғазиевтің айтуынша, бүгінде қазақстандық жас киберспортшылар республикалық ғана емес, халықаралық жарыстарда да жеңіске жетіп, ең жақсы қалпына жетуде «Біз Astana Hub-қа, сондай-ақ Цифрлық даму министрлігіне және қала әкімшілігіне киберспорт саласына белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Мұндай жарыстар неғұрлым жиі өткізілсе, соғұрлым олар адамдар үшін тезірек кунделікті жағдайға айналады, өйткені бүгін киберспортты классикалық спортпен де теңестіруге болады. 

Ойыншылар өздерін шетелде сынауға барар алдында өз елінде танымал болу, жергілікті турнирлерде жеңіске жету, жүлдеден ақша табу маңызды. Жыл сайын біз әртүрлі көлемдегі жүздеген турнирлер өткіземіз, біздің тұрақты аудиториямыз миллионға жуық адамға жетеді. Біз болашақта технология салаларын қолдауды асыға күтеміз, өйткені Қазақстанның осы ең дамыған саласымен жұмыс симбиозы елдегі кәсіби киберспортшылар санының өсуін жеделдетуге кмектеседі», - дейді Жанғазиев.

 Жақында Қазақстанның киберспорт федерациясы Ыстамбұлда өтетін ғаламдық киберспорт федерациясының (GEF) турниріне іріктеу кезеңі басталғанын хабарлады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық киберспорт командалары Балиде өтетін гранд-финалмен IESF әлем чемпионатында титулдар үшін белсенді күресуде. Келесі жылы QCF мәліметінше, 2023 жылы Қытайда өтетін ең беделді киберспорт турнирі – Азия ойындарына жаһандық республикалық іріктеу басталады.

«Біздің басымдық – жас және талантты ойыншылардың мүмкіндіктерін кеңейту. Оларға өсу мен даму үшін барлық мүмкін платформаларды беру. Барлық спортшыларды - саланың көрнекті тұлғаларынан бастап оның ең жас өкілдеріне дейін біздің турнирлерімізге қатысуға шақырамыз, осылайша сіздің әлемдік аренада көк байрағымызды көтеру мүмкіндіктеріңіз болады», - деп түйіндеді сөзін Жанғазиев.

Бөлісу: