Диетолог Наталья Мизинова көпшіліктің салмақ тастауда жиі жіберетін басты қатесін атады. Бұл туралы ол NEWS.ru-ға берген сұхбатында айтты, деп жазады El.kz интернет порталы.
Оның сөзінше, адамдар калорияны күрт шектеп, қатаң диетаға отырады, бірақ тағам таңдауға деген көзқарасын өзгертпейді.
Көпшілік калория санау принципін біледі: арықтау үшін тамақ мөлшерін азайтады. Алайда тағамның сапасына мән бермейді.
Мысалы, адам тәулігіне 1500 килокалория тұтыну туралы шешім қабылдаса, рационы тек тәтті коктейль мен протеинді батоннан тұруы мүмкін. Калория нормасы сақталғанымен, ағзаға қажетті ақуыз, май, көмірсу, дәрумен және микроэлементтер жетіспейді.
Маманның айтуынша, қатаң диеталар мен ашығу денсаулыққа қауіпті.
Көпшіліктің жиі қолданатын тәсілі – күні бойы тек қарақұмық пен айран ішу. Бірақ мұндай тамақтану ағзаны әлсіретіп, түрлі ауруларға себеп болуы мүмкін, – дейді дәрігер.