«Дезинфекция жүргізілмеген». Ақтау халық бүргеден зардап шегіп жатыр

24 Маусым, 13:32 745

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде бүрге қаптап кетті. Бүкіл пәтерді жайлап алған зиянкестер тұрғындарды тынышынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүргелер ересектерді де, балаларды да шағып, денесінің сау жерін қалдырмаған. Бұл туралы  Astana.tv арнасы хабарлады.

Бүрге шаққаннан. Мамыр, маусым, шілде айлары ылғи осылай өтеді. Маусым аяқталып қалды, ал бізде әлі дезинфекция жүргізілген жоқ, - дейді жергілікті тұрғын Айшат Абдурахманова.

Оның екі жастағы немересінің аяғын бүрге шаққаннан қасып тастаған. Дерматологқа апарғанда маман мұны бүрге шаққанның салдары деп анық айтқан. Тұрғынның айтуынша, кейінгі үш жылда үнемі бүрге қаптайды екен. Олар алдын алу шаралары жүргізілмейді деп ашынып отыр.Тұрғындар пәтер иелерінің кооперативіне сұраныс жіберіп жүргелі үш жыл болған.

Жыл сайын маусым айында осы мәселеге тап боламыз. Бүргелер қаптайды. Үйге кіру мүмкін емес. Бүргелер үстімізге жабысады, 1-қабаттан бастап, 4-5-қабаттағы үйімізге дейін кіреді. Күрескенімізбен, нәтиже жоқ. Дезинфекция жасау үшін пәтер иелерінің тұтыну кооперативіне тапсырыс береміз. Биыл да өтініш бердік, бірақ әлі жасамады, - дейді ол.

Зиянкестермен күрес жұмыстарын жүргізетін жергілікті компания жүйелі түрде дизинфекция жасалып жүргенін айтты. Тұрғын үйге қызмет көрсететін коммуналдық мекеменің мәлімдеуінше, өтініш түскен сайын залалсыздандыру жүргізіліп жатыр. Мысалы, маусым айында 8 үйге дезинфекция жүргізілген.

Бүрге мәселесі жыл сайын көтеріледі. Бұған көндігуден бұрын, мүның факт екенін қабылдау керек. Дизинфекциямен айналысатын көп компаниялардың жұмысы тиімді бола бермейді. Біз басқа жолдарын қарастырып жатырмыз. Бар айтарым, біздің тұрғын үйдің басшылығы барынша тырысып жатыр, – дейді «Актау Рауан LTD» пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің диспетчері Салима Менгисиева.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: