03.09.2025
14:14
472
Дэвис кубогы: Кореямен матчта Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Дэвис кубогы: Кореямен матчта Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобындағы плей-офф матчында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Чхунчхон қаласында 12-13 қыркүйекте Оңтүстік Корея мен Қазақстан құрамасы шеберлік байқасады.

Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына ойыншыларға сенім артты: Александр Бублик, Александр Шевченко, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Бейбіт Жұқаев.

Жарыстар Songam Sport Town стадионында хард төсенішіндегі корттарда өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойын үш сеттік сипатта болады.