23.02.2023
21:44
1494
Деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған

Деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған

Қызылорда облысында деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тексеру барысында, деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 адам мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасағаны анықталды.Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 2-бөлігімен «Заңды діни қызметке кедергі келтіру» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңгедан айыппұл салынды», - делінген полиция мәліметінде.