Ақтау гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында жас жауынгерлердің әскери ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
100-ден астам сарбаздың ішінде Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьеваның ұлы да Отанға адал болуға ант берді.
Баламыздың ант беру рәсімі өмірде бір рет қана болады. Осы ант беру рәсімі сарбаздардың есейгенін көрсетеді. Барлық ата-аналарға сабыр тілеймін, - деді депутат.