Депутаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жобаларын қарайды

29 Қаңтар, 17:06 735

Парламент Мәжілісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобаларын қарау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұсынылатын новеллаларды құқықтық салаға енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды озық халықаралық стандарттар мен құқық қолдану практикасын ескере отырып жетілдіруді көздейді. Түзетулердің басым бөлігі елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпарат жария, ал сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі ұятты іс-әрекет болған кезде, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын тудырады.

Пара ұсынуды/уәде етуді қылмыс деп тану қоғамда пара туралы әңгіменің өзі қолайсыз болатындай тиісті мәдениетті қалыптастырады, бұл мемлекетке зиян келтірілгенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін шенеуніктердің әкімшілік жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер көзделген.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бөлігінде банктердің, жоғары оқу орындарының, ауруханалардың және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлеріне қорқытып алу арқылы заңсыз сыйақы алу фактілерін ашудың тиімділігін арттыру бойынша түзетулер көзделген. Қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз беру деген жаңа баппен толықтырылуда. Парақорлыққа ұқсас, бұл тек алушыларды ғана емес, оларды берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу құрауышын (мүдделер қақтығысын реттеу; сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоймағаны үшін саяси басшылардың жауапкершілігін күшейту және т.б.) күшейтуге бағытталған түзетулер ұсынылады.

25 қаңтарда заң жобаларының Парламент Мәжілісінде, ал 26 қаңтарда – Агенттіктің Қоғамдық кеңесімен бірлесіп төменгі палатаның Қоғамдық палатасының отырысында таныстырылымы өтті.

Осы іс-шараларға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жалпы қолдады, Мәжіліс депутаттары заң жобаларын алдағы уақытта Мәжілістің барлық комитеттері депутаттарының, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін жұмыс тобының отырыстарында қарау шеңберінде сындарлы жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: