Депутаттар кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды

1 Қараша 2023, 15:21 1961

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Костенко шахтасында қаза болған кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

28 қазанда Костенко атындағы шахтада апат салдарынан 46 адам көз жұмды. Бұл – тұтас халқымыз үшін үлкен қасірет. Мемлекет басшысының бастамасымен 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болды. Барлық депутаттың атынан қайтыс болған кеншілердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: