Депутат Самат Нұртаза журналистерге ренжіп қалды

13 Қыркүйек 2023, 16:14 1660

Депутат Самат Нұртаза (Amanat партиясынан) журналистер қауымына ренжіп қалып, сұхбат бергісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Білуімше, Конституция бойынша депутат сұхбат беруге міндетті емес. Ол қағаз түрінде жауап беруі мүмкін, бірақ сұхбат беруге міндетті емес. Мен әлеуметтік желілерде жазамын, сол жерден менің жауаптарымды алуға болады. Жақсы болғанын қалап едім, бірақ журналистер мені дұрыс түсінген жоқ. Бастаған мен емес, 10 мамырда жапа-тармағай маған бас салды, - деді депутат.

Естеріңізде болса, 10 мамыр күні мәжілісмен Facebook-те отырыста депутаттарды күтіп тұрған журналистердің суретін салып, тілшілер қауымын зебраға шабуыл жасауға дайындалып тұрған қолтырауынға теңеген болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: