Депутат ҚТЖ-дағы жемқорлық схемасын әшкереледі

6 Қыркүйек 2023, 11:12 871

ҚТЖ әлеуметтік маңызды бағыттарда жолаушы тасымалдайтын 4 компанияға арналған субсидияны  тоқтатып, төленген бөлігін қайтару туралы шешім шығарған. Бұл туралы депутат Руслан Берденов Мәжіліс қабырғасында мәселе көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кесірінен 2500 астам адамды жұмыссыз қалдырып, жалақы,салық қарызы 1,5 млд. теңгеден асатын әлеуметтік ушығу  қаупі тұр.

Депутаттың айтуынша, 25 жылда  ҚТЖ экономикалық жоспарлау, болжау, стратегия, табыс көзін ұлғайтуға бағытталған тиімді тетіктерді қолдануды үйренбеген. Экспорт  пен импорт жоспарын бекітуді кешіктіру салтқа айналған.

Бұл әдейі жасалып отырған жемқорлық тетіктері деп білемін. Қазіргі таңда астық өңдеушілер одағы  қыркүйекте - тәулігіне 765 мың тонна немесе айына 2,3 млн тонна астық тасу жоспарлап отыр. Ал ҚТЖ жоспарды орындай алмайды, себебі  инфрақұрылымының өткізу қабілетін тек айына 1-1,2 млн тоннмен шектеген. Біз тіпті жылына 46,2 млн тоннадан астам мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттайтын ел ретінде экспортты ұлғайта алмай отырмыз. КТЖ бүгін инфрақұрылым түгіл елімізді бос вагон-цистерналармен қамтамасыз ете алмай отыр, - деп айтты Руслан Берденов.

Оның айтуынша, тағы бір өзекті мәселе - кәсіпкерлердің нарықтан шеттетілуі.

Алтынкөль стансасыда жері бар кәсіпкерлерге терминал салуға ҚТЖ рұқсат бермей отыр.  Оның себебі даму жоспарының жоқтығыма әлде  Cosco Container Lines (Hong Kong) Co. и Shanhai (Hong Kong) Investment&Development Company Limited тәрізді компаниялардың мүддесіма? 1960-80 жылғы 42 жүк стансасының  терминалдары үлгермейді, вагондар тұрып қалуда, тауар кешіктірілуде, келісім шарттар бұзылуда. Салдарынан бюджет пен кәсіпкерлер милиардтап табыстан айырылуда, - деді депутат.

ҚТЖ жұмысына 2020 жылғы  аудиторлық тексеру 5 жылда тек шығын үрдісі байқалады деп жазған, олардың жалпы сомасы 616,8 млрд.теңгені құрады. Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша 2015 жылы шығын-460,0 млрд., 2018 жылы -86,5 млрд. және 2019 жылы – 70,3 млрд. теңгені құрады.

Есеп комитеті Үкіметке ҚТЖ шығынды қызметіне назар аудару, жалпыұлттық мақсаттарды ескере отырып, Даму стратегиясын қайта қарау ұсынған. Бірақ   нәтиженің жоқтығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Президенттің Қазақстан халықына жолдауында  көтерген «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылу мәселесінің сапалы жүзеге асыру үшін осы мәселелерге байланысты Сізден нақты шара қолдануыңызды сұраймын, - деді депутат Руслан Берденов.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: