Депутат никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды

8 Қыркүйек 2023, 16:00 3430

Қырғызстанда депутат никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 24.kg-ға сілтеме жасап.

Депутат Шарапатқан Мәжитованың айтуынша, қоғамдық орындарда бетті тұмшалап жүруге, сондай-ақ бетін толық жауып тұратын баскиім киюге тыйым салу керек. Ол Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетін тұмшалайтын немесе адамды тануда қиындық тудыратын киім киюге тыйым салатын заң қабылданғанын тілге тиек етті.

Бұл заң бізге де керек. Көбі паранджа кие бастады. Олар орамал тақсын, бірақ бетті жабудың қажеті жоқ. Бұл өте қауіпті, - деді ол.

Айта кетейік, жақында Өзбекстан билігі азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүруге заңмен тыйым салған еді.

 
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: