Депрессия кезінде қандай тағам түрлерін тұтыну керек?

4 Желтоқсан 2023, 16:12 2122

Депрессия – жай ғана көңіл-күйдің болмауы емес, күрделі дерт. Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы депрессияда жүргенде дұрыс тамақтанып, қажетті дәрумендер қабылдауға кеңес береді. Өйткені созылмалы күйзелістің соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Тамақтану мен депрессия арасындағы байланыс жылдар бойы зерттеліп келеді. Кей адамдарда депрессия кезінде асқа тәбеті төмендейді. Кейбіреулер керісінше шамадан тыс зиянды тағамдарды тұтынып, стрестен арылуға тырысады. Тез дайындалатын тағамдар мен алкоголь өнімдерін осы дертке шалдыққанда, мүлдем пайдалануға болмайды. Ал дұрыс тағам түрлерін таңдай білу арқылы күйзелістен арылуға болады. El.kz ақпарат агентігінің тілшісі күйзеліс кезінде қандай тағам түрлерін тұтыну пайдалы болады деген сауалға жауап іздеп көрді.

Теңіз өнімдері

Теңіз өнімдері эмоционалды күйзелісті жеңілдетуге көмектесетін заттардан тұрады. Ол көңіл-күйді жақсартатын таурин сияқты аминқышқылдарына бай. Олардың құрамында көңіл-күйге әсер ететін В12 дәрумені, мырыш, мыс, марганец бар. Эндокринологтар сонымен қатар күнбағыс өнімдері көңіл-күйді жақсартатын Е дәрумені бар екенін айтады. Бұл майда еритін дәрумен күшті антиоксиданттық әсерге ие. Созылмалы стресті невропотологтар мен нутрицологтар Е дәруменінің жетіспеушілігімен байланыстыратынын ескеру қажет.

Жұмыртқа, ақжелкен, сарымсақ, түймедақ шайы

Стресті жеңілдету үшін диетаға жұмыртқа, ақжелкен мен сарымсақты қосу керек. Брокколи, ноқат депрессия белгілерімен күресуге көмектеседі. Түймедақ шайын ішудің де осындай кезде пайдасы зор. Түймедақ шайы ұйқыны жақсартады және мазасыздық пен депрессия белгілерін азайтады. Егер ұйқы бұзылса, түстен кейін кофеден бас тарту керек. Диетелог-дәрігерлер кофені түймедақ шәйімен ауыстыруға кеңес береді.

Қызанақ шырыны

Қызанақ шырыны тез ашулану мен беймаза күйге дауа болады. Тұздалмаған қызанақ шырынын үнемі тұтыну қан қысымы мен қан сарысуындағы холестерин деңгейін жақсарта алатыны анықталған. Зерттеуге жапондық Курияма қаласының 480 тұрғыны қатысты. Бір жыл ішінде олар қызанақ шырынын әртүрлі мөлшерде ішті. Дәрігерлер барлық қатысушыларды қан қысымы, қан сарысуының липидті профилі және зерттеу кезеңі басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін тексерді. Сонымен қатар, ғалымдар респонденттердің өмір салтын мұқият талдады. Авторлар қызанақ шырыны кез келген жастағы адамның қатты ашуланбауы үшін пайдалы әсер ете алады деген қорытындыға келді. Ғалымдар жиі ашуланатын адамдар үшін қызанақ шырыны пайдалы диета болады деп ұсынған.

Дәрумендер мен минералдар

Депрессия кезінде дұрыс тамақтанудың негізгі аспектілерінің бірі – дәрумендер мен минералдардың жеткілікті мөлшерін тұтыну. Олардың кейбіреулері көңіл-күйді жақсартуға және мазасыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.
D дәрумені

Көңіл-күйді реттеуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан оның жетіспеушілігі депрессияға әкелуі мүмкін. Д дәрумені балықтың, жұмыртқаның, ірімшіктің құрамында бар.

В12 дәрумені

Көңіл-күйді реттеуге және жүйке жүйесін сау ұстауға көмектеседі. Оның қайнар көзі – ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдері.
Магний

Минерал мазасыздық деңгейін төмендетуге және көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі. Магний жаңғақта, жасыл көкөністерде, дәндерде, бұршақ дақылдары құрамында бар.

Фолий қышқылы

Бұл дәрумен көңіл-күйді жақсартуға және депрессияның даму қаупін азайтуға көмектеседі. Оны жасыл көкөністерден, жемістерден, жаңғақтардан және басқа тағамдардан алуға болады.

Депрессия кезінде осы дәрумендер мен минералдардың дозасын арттыру қажет екенін түсіну маңызды, бірақ оларды қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Антиоксиданттарға бай тағамдар

Антиоксиданттарға бай тағамдар көңіл-күйді жақсартуға және депрессия белгілерімен күресуге көмектеседі.

Қара жидектер

Көкжидек, таңқурай, қаражидекте көңіл-күйді жақсартуға және мазасыздық деңгейін төмендетуге көмектесетін антоцианиндер бар.

Жемістер мен көкөністер

Құрамында көптеген дәрумендер мен минералдар, сондай-ақ көңіл күйді жақсартуға көмектесетін антиоксиданттар бар. Шпинат, брокколи және қырыққабат сияқты жасыл көкөністердің пайдасы зор.

Жаңғақтар

Бадам, фундук және жаңғақ пайдалы. Сонымен қатар, көңіл күйді жақсартуға жауапты гормон-серотонин деңгейін жоғарылататын полифенолдары бар жасыл шайды көбірек тұтынған жөн.

Депрессия кезінде тұтынуға болмайтын тағамдар

Депрессия белгілерін асқынтып жіберетін кейбір тағамдардан бас тартқан жөн.
Тәттілер, ұн тағамдары, фастфуд

Қант, ақ ұн және тәттілер сияқты қарапайым көмірсуларды шектеген жөн. Қуырылған тағамдарда және фастфудта, сондай-ақ олардың негізінде дайындалған кейбір майлар мен тағамдарда трас майлар кездеседі. Транс майлар депрессияның даму қаупін арттырып, көңіл-күйді нашарлатуы мүмкін.
Алкоголь

Алкоголь депрессияны күшейтіп, көңіл-күйді құбылмалы етеді. Ол сондай-ақ депрессия кезінде қабылданатын кейбір препараттарға кері әсер етуі мүмкін.

Дұрыс тамақтану депрессия белгілерімен күресуге және көңіл күйді жақсартуға көмектесетінін әрдайым есте ұстаған жөн!

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: