29.07.2025
10:21
949
Денсаулыққа ең қауіпті тұсқағаздар мен еден жабындары аталды

Денсаулыққа ең қауіпті тұсқағаздар мен еден жабындары аталды

Денсаулыққа ең зиянды үйге арналған материалдар қатарына арзан санаттағы винилді тұсқағаздар (әсіресе өткір иісі бар түрлері), өздігінен жабыстырылатын тұсқағаздар мен ПВХ-пленкалар (шығу тегі белгісіз), гигиеналық қорытындысыз линолеум мен пластик панельдер, сондай-ақ эмиссия санаты көрсетілмеген МДФ/ағаш жаңқалы тақта өнімдері жатады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы «Инвитро» медициналық жобалар және инновациялар бағытының жетекшісі, кардиолог дәрігер, профессор Алексей Никитин мәлімдеді.

Медициналық және токсикологиялық тұрғыдан ең қауіпті тұсқағаздар – сапасыз винилді (ПВХ негізіндегі) материалдар. Олар өндіру және пайдалану барысында формальдегид, фталаттар, диоксиндер және басқа да улы қосылыстар бөлуі мүмкін. Әсіресе бұл заттар жылу мен күн сәулесінің әсерінен белсенді бөлінеді. Мұның салдарынан гормоналды жүйе бұзылып, тыныс алу жолдары зақымдалып немесе аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін, – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, өздігінен жабыстырылатын тұсқағаздар мен жабынқабаттар (пленкалар) да қауіпті. Себебі олардың арзан желім қабатында жиі қолданылатын күшті еріткіштер ұзақ уақыт бойы буланып, бас айналу, жүрек айну, ұйқы бұзылысы, зейіннің төмендеуі, тіпті бронхиалды астманың асқынуы сияқты жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Әсіресе арзанқол, сертификатталмаған қытайлық пластик панельдер құрамында формальдегид, хлорорганикалық және ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ) болуы ықтимал. Бұл заттар қоршаған ортаға улы элементтер бөлуі мүмкін. Сонымен қатар, ПВХ негізіндегі арзан линолеум құрамында ұзақ уақыт бойы бөлінетін фталаттар, сондай-ақ бояғыш қоспалар арқылы қорғасын мен кадмий болуы мүмкін. Мұндай материалдар әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге зиян, өйткені олардың ағзасы химиялық заттарға өте сезімтал, – деп түсіндірді дәрігер.

Маманның айтуынша, тұсқағаздың қауіпсіз түрлеріне — кәдімгі қағаз тұсқағаздар, шыны талшықтарынан жасалған тұсқағаздар, су негізінде басылған флизелинді тұсқағаздар жатады. Ал еден жабындарының қауіпсіз баламалары ретінде табиғи линолеум, паркет, керамикалық плитка және жоғары сапалы кварц-винил ұсынылады.

Бұған дейін жалғыздықтың денсаулыққа әсері туралы жазған едік.