«Денсаулыққа байланысты»: Жұлдыз Әбдукәрімова Түркияға не үшін барғанын айтты

17 Қазан, 10:52 806

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Түркияға не үшін барғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желідегі оқырмандарына жоспарлы check-up өту үшін шетел асқанын жеткізді.

Ыстамбұлдан сәлем, оқырман! "Ол жаққа не үшін кеттіңіз, демалуға ма, әлде іссапармен бе?" деп сұрап жатқандар көп екен. Осы жерде айта кетейін. Ыстамбұлға екі мәселемен келдім. Біріншісі, әрине, денсаулыққа байланысты. Бірақ сіздер уайымдамаңыздар, Аллаға шүкір, менде бәрі жақсы. Жоспарлы check-up өтуге келдім. Екіншісі, жаңа бір жобаның алдында ой жинақтап, осындағы мықты мамандардан кеңес алуға келдім, - деп жазды ол.

Айта кетейік, жақында Жұлдыз алаяқтарға алданып, төрт бөлмелі пәтерінен айырылып қалған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: