Денсаулық сақтау жүйесінде дәрігер тапшылығы азаймай тұр – Ақмарал Әлназарова

11 Маусым, 11:15 531

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 270 мыңнан астам медицина қызметкерінің 80 мыңнан астамы дәрігер болуына қарамастан, олардың тапшылығы азаймай отырғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр терапевт, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог дәрігерлерінің тапшылығы байқалатынын айтты.

Мұның барлығы денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жоспарлау кезіндегі кемшіліктердің болуын дәлелдейді және кезекті шаралар жүргізуді қажет етеді, – деді Әлназарова.

Бұдан өзге министр соңғы 5 жылда 400-ден астам медициналық объект құрылысы салынып, 36%-дан астам объектіге жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар жалпы сомасы 261 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Алайда ғимараттардың тозуының жоғары деңгейде болуы өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Жалпы, 102 000 төсек қорындағы ересектерге арналған 11 000 төсек орынның тиімсіз пайдалануы анықталып отыр. Нәтижесінде өңірлер арасында төсек орындарымен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша айырмашылық байқалуда, – деді денсаулық сақтау министрі.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: