Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

31 Қазан 2022, 10:23 1526

Бұл туралы Үкіметтің  баспасөз қызметі мәлімдеді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz

Бұл туралы Үкіметтің  баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген.

Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.

2010 жылы – «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.

2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарды.

2013-2014 жылдары – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының» президентi.

2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры.

2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры.

2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы.

2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы болды.

2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Бөлісу: