Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

15 Шілде, 16:40 1035

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ержан Нұрлыбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ержан Нұрлыбаев 1975 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. 

2004-2006 жылдары аталған медициналық мекеме директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

Әр жылдары Қарағанды облысының бас хирургі болып қызмет істеді, Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығын басқарды. 

2014-2021 жылдары — Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

2021 жылдан бастап «ҚМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 

Қазіргі уақытқа дейін Облыстық клиникалық аурухананың директоры болып жұмыс істеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: