«Денсаулығы нашарлап, қиналып жатыр». Туған анасын іздеп жүрген Жәнібекте не жаңалық?

24 Мамыр, 13:22 2536

Туған анасын іздеп жүрген Жәнібек соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік парақшасында жазба қалдырып, асырап алған анасының денсаулығы нашарлап кеткенін айтты

Жеке басым үшін соңғы кезде оңай болмай тұр. Асырап алған анамның денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр. Мен анама, алдыңғы бейнероликте сіздердің жазған жүрекжарды пікірлеріңізді оқып беріп, көңілін көтердім. Әрине бұның бәрі уақытша көңілін аулау екенін түсінемін, – деп жазды ол.

Жәнібек алдағы уақытта балалық шағынан (балалар үйі) хабар беретін әдемі және қызықты бейнебаян жариялайтынын мәлімдеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: