02.10.2025
22:34
627
Денис Тен мемориалы: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарламадағы нәтижелері

Денис Тен мемориалы: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарламадағы нәтижелері

Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалы аясында әйелдер арасында қысқа бағдарламадағы сайыстар аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аралық бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин иеленді - 64.78 ұпай. Екінші орында - канадалық Маделин Щижас (55.55), ал үшінші орынға АҚШ өкілі Джозефин Ли (54.15) жайғасты.

Амира Ирматова алтыншы орында - 47.22 ұпай. Нұрия Сүлеймен жетінші нәтижемен жарысты аяқтады - 44.95. София Фарафонова сегізінші орынға табан тіреді (42.47). Вероника Коваленко оныншы орында - 39.57, ал Русалина Шакрова 11-орынмен шектелді - 30.59.

Айта кетейік, 2 қазанда ерлер қысқа бағдарламада сынға түседі. Ол Астана уақытымен 18:30-да басталады.