Demo Day: Цифлық министрлік алғаш рет ерекше жоба өткізеді

17 Қазан, 01:28 445

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Demo Day өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада цифрлық вице-министрлер цифрлық платформаларды, электрондық қызметтерді дамытудың және мемлекеттік саладағы бизнес-процестерді оңтайландырудың негізгі аспектілерін талқылайды. Бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларында цифрлық трансформацияны нығайту мен елдегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болады деп күтілуде.

Demo Day мақсаты - мемлекеттік қызметтерді жақсарту, процестерді оңтайландыру және олардың халық үшін тиімділігін арттыру мақсатында озық цифрлық жобаларды таныстыру және талқылау.

16 қазанда ҚР Энергетика министрлігі EnergyTech платформасы («Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» АЖ) базасында жылыту кезеңінің дайындығы мен өтуіне мониторинг жүргізу жүйесін ұсынды.

Жүйе электрмен және жылумен жабдықтау объектілерін нақты уақыт режимінде келесі параметрлер бойынша қашықтықтан мониторингілеу мүмкіндіктерін ұсынады:

Энергетикалық жабдықтың жай-күйі;

Жалпы Қазақстан Республикасының энергожүйесінің жұмысы;

Жіберілетін электр және жылу энергиясының параметрлерін сақтау;

Жөндеулерді, инвестициялық бағдарламалар мен шекті тарифтерді жоспарлаудың, бекітудің және орындаудың ашықтығы.

Зарина Арман
Бөлісу: