Демеу Жадыраевқа қарап бой түзеймін | Депутат болуды армандаған жоқпын

Диана Орынбасар

EL.SPORT жобасының кезекті қонағы – грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Нұрбақыт Теңізбаев. Сұхбат барысында отандық грек-рим күресінің бүгінгі жағдайы, ұлттық құрама балуандарының әлем чемпионатындағы нәтижелері, Жаркент күрес мектебінің ерекшелігі және жас спортшылардың әлеуеті туралы әңгімелестік. Спортшы үшін жеңістің құны қандай? Талант пен еңбектің қайсысы маңызды? Олимпиада жүлдесінің артында қандай тағдыр жатыр? Осы және өзге де сауалдардың жауабын EL.SPORT арнасындағы толық сұхбаттан біле аласыздар!